Ақтаудағы комиссияны Ералы Тоғжанов басқарады

3 Қаңтар 2022, 20:03
1709
Бөлісу:
Ақтаудағы комиссияны Ералы Тоғжанов басқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерделеу үшін Ақтаудағы комиссияны басқарады, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Комиссияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов басқарады. Ертең таңертең Ералы Тоғжанов, Мағзұм Мырзағалиев және Серік Жұманғарин Ақтауға ұшады, – делінген хабарламада.

Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкіметтік комиссия құрылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы