Ақтаудағы ауыз су тапшылығына белгілі қонақүйдің қандай қатысы бар?

30 Маусым 2022, 11:47
1255
Бөлісу:
Ақтаудағы ауыз су тапшылығына белгілі қонақүйдің қандай қатысы бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.  

Өңір басшысы ел арасында Ақтау қаласындағы ауыз су тапшылығының бір себебі «Риксос» қонақ үйіне байланысты деген пікірді жоққа шығарды. 

Өз кезегінде ел арасында Ақтау қаласындағы ауыз су тапшылығының бір себебі «Риксос» қонақ үйіне байланысты деген пікір қалыптасқан. Алайда бүгінде қонақүйде өз қажеттілігі үшін тәулігіне 4,5 мың текше метр су тұщыту қондырғысы жұмыс жасайды. Сонымен қатар тәулігіне 500 текше метр тазартылған кәріз суы жасыл желектерді суаруға пайдаланылады. Жалпы жылы жағажайда орналасқан демалыс орындары «Каспий» су тұщыту зауытынан тәулігіне 1600 текше метр, ал «Риксос» қонақ үйі 500текше метр су алып пайдаланады. Ал, облыс орталығы Ақтау қаласы 52 мың текше метр ауыз суды толығымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорнынан алып, қамтамасыз етіледі, - деп түсіндірді өңір басшысы. 

Сондай-ақ «Каспий» зауытының қуатын арттырамыз деп отыр. 

«Каспий» су тұщыту зауытының қуатын 60 мың текше метрге дейін арттыра отырып, өнімділігін тәулігіне 100 мың текше метрге дейін жеткізудің 3-ші кезеңіне ЖСҚ әзірлеу және салу. Жаңаөзен қаласын толықтай сумен қамтамасыз ету үшін Кендірлі аймағында тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыту зауыты, Ақшұқыр және С. Шапағатов ауылдарында қуаты тәулігіне 10 мың текше метр су тұщыту қондырғылары іске асырылады деп күтілуде. Бейнеу ауданының Боранқұл селосында қуаты тәулігіне 80 мың текше метрге тұщыландыру зауытын және су тартқышын салу жоспарда бар, - деді Нұрлан Ноғаев.

Тағы бір айта кететін жайт, Ақтау қаласының ауыз су, кәріз және жылу желілері тозығы жеткен.

Аталған желілердің 75%-ға тозығы жеткендіктен, жылына орташа есеппен 1500 апаттық жағдай орын алады. Кезек күттірмейтін мәселені шешу мақсатында 2025 жылға дейін 918 шақырым инженерлік желілерге жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Биыл 2 шағын ауданда тиісті жұмыстар басталады, - деді облыс әкімі. 

Өзгелердің жаңалығы