Ақтауда жылына 120 мың аяқ киім өндіріледі

24 Тамыз 2022, 18:00
2720
Бөлісу:
Ақтауда  жылына 120 мың аяқ киім өндіріледі
PHOTO
Фото: автордан

Ақтаудағы «Zhamal-ai LTD» аяқ киім фабрикасы  жылына 120 мың жұп аяқ киім тігеді. Зауыт өнімін негізінен мұнай және газ кен орындары, құрылыс алаңдары, әскери саладағы адамдарға арнап шығарады, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Кәсіпорындағы бәтеңкелер тек өндіске ғана арналған емес. Сонымен қатар 2015 жылдан бастап зауыт заманауи үлгіде аяқ киімдер шығара бастады. Бүгінде олар өндірген мокасиндер дүкен сөрелерінде «Sharkey» брендімен сатылып жатыр. Түрлі жастағы тұтынушылар сұранысына орай  былғарыдан тіпті туфли, кроссовка, кеды тігіліп жатыр. Зауыттың басты артықшылығы – мұнда тек табиғи материалдар қолданылады. Олар күнделікті киюге ыңғайлы әрі жайлы. Шикізатты елімізбен қатар Ресей, Түркия мен Италия өндірушілері жеткізеді.

Ақтауда  жылына 120 мың аяқ киім өндіріледі

Кәсіпорын отандық өнім шығаруда табысты әрі тұрақты жұмыс тұр. Пандемия кезінде жұмысшылар жаңа бағытқа машықтанып, бетперде тігумен шұғылданды. Арнайы жұмысшы киімдері мен аяқ киімдер еліміздің көптеген облыстарына жеткізіліп, кәсіпорындар мен ұйымдарды қамтамасыз етіп отырмыз. Еңбекке қабілетті мүгедектерді жұмыспен қамтимыз. Колледждер мен жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандарды жұмысқа орналастыру бағдарламасы да бар, – дейді «Zhamal-ai LTD» ЖШС директоры Зибира Хасанова. 

«Zhamal-ai LTD» фабрикасы тек аяқ киім өндірмейді. Сонымен қатар жұмысшы киімдерін, медициналық және аспаздық униформалар, спорттық костюмдер мен мектеп формасын тігеді. Зауытта киім мен аяқ киім тігу үшін 160 маман жұмыс істейді. Басым бөлігі – әйелдер. 

Ақтауда  жылына 120 мың аяқ киім өндіріледі
Өзгелердің жаңалығы