Ақтау қаласында отбасылық жанжал кезінде жұбайына күш қолданған ер адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сот оған 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады.
Ақтау қалалық сотының 2026 жылғы 13 шілдедегі үкімімен азамат «У» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Сот анықтағандай, сотталған азамат алкогольдік масаң күйде отбасылық жанжал кезінде жұбайының басынан соғып, оған физикалық күш қолданған.
Сот отырысында азамат кінәсін мойындаған. Алайда кінәні мойындауы оны қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болмаған.
Сот үкімімен оған 25 тәулікке қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке немесе отбасылық мәселе ретінде қарастырылмайтынын еске салды. Мұндай әрекеттер үшін заңнамада қылмыстық жауаптылық көзделген.
Прокуратура азаматтарды жанжал туындаған жағдайда күш қолданбай, мәселелерді заң шеңберінде шешуге шақырды.
Айта кетейік, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол беру жауапсыз қалмайды. Заң талаптарын бұзған адам белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Айта кетейік, Жетісу облысында әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткен Отбасын қолдау орталығының заңгері сотталды.
Тағы оқи отырыңыз: Ұрып-соғу мен сталкинг: Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы не білу керек?
Германияда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылар электронды білезіктер арқылы бақыланады
Зорлық көрген әйелдердің 30 пайызы отбасына оралады – статистика