Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды

15 Қараша 2023, 17:03
1049
Бөлісу:
Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды
Фото: - архив

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200  автокөлігімен орын алған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ, автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 27 жастағы азаматшаның жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.

Өзгелердің жаңалығы