Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, 150-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді

10 Қыркүйек 2023, 20:37
756
Бөлісу:
Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, 150-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Ақтауда 17 шағын аудандағы «Florence» тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 150-дей адам эвакуацияланды.

Өрт 10 қыркүйек сағат 1:59-да тұтанған. Тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің қонақ бөлмесінде үй заттары мен теледидар жанған.

Өрт 45 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 13 адам құтқарылды, оның үшеуі бала. Ал баспалдақпен 120 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25-і бала, – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Жалын 1 сағаттан соң сөндірілген. Өртке тарату қалқанындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы