Ақтауда есту аппараты шығарылады

25 Тамыз 2022, 18:12
2341
Бөлісу:
Ақтауда есту аппараты шығарылады
PHOTO
Фото: автордан

Ақтауда есту аппаратттары шғарылады. Елімізде алғаш қолға алынған жобаның инвесторы -германиялық компания. Аппаратты өндіретін ақтаулық «AiSonic» компаниясы. Олардың негізгі қызметі - есту аппараттарын шығару және құрастыру- деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Инвесторымыз бірнеше елдің ішінен бізді таңдаған. Себебі дүниежүзінде есту аппартын шығаратын зауыт 12-екен соның 3-уі Ресейде. Енді біздің Қазақстанда да осындай өндіріс болмақшы.Әрбір есту аппаратының аттары болады.Біз өзіміздің  есту аппараттарымызды  «Айшық» деп атадық, - дейді "AISONIC" ЖШС директоры  Аина Тумышева.

Ақтауда есту аппараты шығарылады

«Айшық» деген атпен өндірілетін есту аппараттарының алғашқы шығарылымы нарыққа 2023 жылдың басында енеді. Әзірге құрылғының 8 данасы сынақ ретінде өндірілген. Және ол Алматы қаласына сараптамаға жолданған. Аппаратқа  сұраныс жоғары.Тек маңғыстаудың өзінде есту құрылғысына биыл 276 адамнан сұраныс түсіп, оның 240-ы аппаратқа қол жеткізген. 

Ақтауда есту аппараты шығарылады

Бұл аппараттарға сұраныс дүниежүзінде артып барады. Біз бірнеше жыл  Қазақстан және өзге елдер нарығын зерттедік. Одан білгеніміз Қазақстанға есту аппараттары сырт елерден жеткізіледі екен. Нәтижесінде біз осы елді таңдадық, – дейді "INTERQUEST"  компаниясының директоры Анна Степанова.

Ақтауда есту аппараты шығарылады

Ақтауда жасалатын сурдотехника ресейлік технология бойынша құрастырылады. Ол үшін мамандар көрші елге барып тәжрибе де жинақтап қайтқан. Ал құны 30 мың тг-ден басталады.

Өзгелердің жаңалығы