Ақтау әкімінің орынбасары ауысты

22 Шілде 2020, 16:18
2026
Бөлісу:
Ақтау әкімінің орынбасары ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Әбдіқадыров Мәлік Сейілханұлы тағайындалды. 

Мәлік Сейілханұлы 1978 жылы туған. Білімі жоғары. 1999 жылы “Қайнар” университетінің заңгері, 2011 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, 2011 жылы Абердин Шотландия Университетінің құқық магистрін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1999 жылы Бейнеу ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастап, 2014 жылға дейін облыс бойынша прокуратура саласында түрлі қызметтер атқарған. 

2014-2015 жылдары “Лукойл Оверсиз” компаниясының “Батыс-Курина-2” жобасының әкімшілік менеджері қызметін атқарды. 

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, департамент басшысы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы