Ақсуда 27 мың текше метрден астам су сорылды

27 Наурыз 2024, 11:39
262
Бөлісу:
Ақсуда 27 мың текше метрден астам су сорылды
VIDEO
Фото: скрин/#@qr_tjm

Павлодар облысы ТЖД күштері және құралдары ЖАО бірлесіп Павлодар қаласы, Ақсу қаласы елді мекендерінің аумағында еріген қар суын сору жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен тәулікте барлығы 27 мың текше метрден астам су сорылды.

Ақсу қаласында су бұру каналы өткізілді. Атамекен кентінде экскаватордың көмегімен 3 жерде ашық шұңқырлар қазылды.

«Атамекен-Ақсу-Көктөбе-Курчатов» республикалық маңызы бар автожолының 15 және 129 шақырымы арқылы судың өтуін алдын алу мақсатында трасса бойында қапшықтар мен инертті материал төселді. Жұмысқа түрлі 72 техника, 115 адам жұмылдырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы