Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өрттен құтқарушы ауруханаға түсті

21 Маусым 2023, 23:23
773
Бөлісу:
Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өрттен құтқарушы ауруханаға түсті
Фото: Артём Чурсинов

Ақсу ферроқорытпа зауытынан шыққан өрт кезінде жоғары температура әсерінен ғимараттың төбесі опырылып түсті. Өрт сөндіруші зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндіруші ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, - деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қызыл жалынның қанша аумақты шарпығаны өрт толық сөндірілгеннен кейін белгілі болады.

Қазір №15 белгіде аккумулятор бөлмесінде шамамен 50 шаршы метр алаңда жабдықтар мен сорғы майы жанып жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Ақсу ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехында пеш трансформаторы өртенгенін хабарлаған едік.

От 21 маусым күні сағат 16:00-де тұтанған.

Өртті кәсіпорынның апаттық-құтқару қызметі мен Ақсу қалалық өрт сөндіру бөлімі оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысы төтенше жағдайлар басқармасы штаб құрды. Тергеу басталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - деді Ақсу ферроқорытпа зауытынан.

Өзгелердің жаңалығы