Ақшолақов жанар-жағармай бағасының қандай жағдайда қымбаттауы мүмкін екенін айтты

3 Ақпан 2022, 13:41
1325
Бөлісу:
Ақшолақов жанар-жағармай бағасының қандай жағдайда қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жанар-жағармай бағасының өсуіне оны көлікпен тасымалдаудың да әсері бар.

Өздеріңіз білетіндей, біз барлық жанар-жағармай бағасын бекітіп қойдық. Біз үшін оларды басқа өңірлерге жеткізу  шығыны тұрақты болғаны тиімді. Оны тұрақты ұстап тұру үшін барымызды саламыз. Сол себепті  Үкіметке ұсыныс жібердік. Ешқандай субсидия бөлінбейді. Алайда біз бензин бағасын 182 теңгеме ұстап тұрамыз десек, ал теміржол бағасы мен автокөлік тасымалдарының бағалары өсетін болса жанар-жағармай бағасын ұстап тұру да қиын болады, - деді  Энергетика министрі. 

Еске салайық, бұған дейін Болат Ақшолақов еліміздегі электр энергиясы дефицитін тудырып отырған заңсыз майнерлерге қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы