Ақшолақов заңсыз майнерлерге қатысты пікір білдірді

3 Ақпан 2022, 13:17
1360
Бөлісу:
Ақшолақов заңсыз майнерлерге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздегі электр энергиясы дефицитін тудырып отырған заңсыз майнерлерге қатысты пікір білдірді.

Министрліктің басты міндеті - ұлттық энергия жүйесінің тұрақтылығын сақтау.

Заңсыз қосылатын майнерлердің әрекеті бүкіл жүйе жұмысына әсер етіп отыр. Біздің министрлік қабылдаған жұмыстың бірі энергия жүйесінің тұрақты жұмысын сақтау. Бастысы халықты толық қуатпен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта заңсыз қосылған майнерлерді анықтап табу қажет. Әрине, бұл тек біздің министрліктің қолында емес. Бүкіл Үкіметтің бірлескен жұмысы болуы тиіс. Біз қазір мұндай мәселенің алдын алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Шаралар қабылданғанда хабарын беретін боламыз, - деді министр.

Сондай-ақ министрдің сөзінше, заңсыз қосылатын майнерлерден бөлек ел өңірінде электр энергиясына тапшылық болмас үшін электр жүйелерінің сапасын арттыру қажет.

Өзгелердің жаңалығы