"Ақшасын қолма-қол әкеліп бересіздер". Депутат мұғалімнен келген шағымды жариялады

16 Сәуір 2025, 11:07
1604
Бөлісу:
"Ақшасын қолма-қол әкеліп бересіздер". Депутат мұғалімнен келген шағымды жариялады
PHOTO
Фото: Dauletten/Instagram

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевқа мұғалімнен мәжбүрлеп, концертке билет алғызып жатқаны туралы хат келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат осындай мазмұндағы хаттар жиі келетінін айтты. 

Мұғалімдерді концертке билет алуға мәжбүрлеу – заңсыз! Білім саласының қызметкерлерінен, атап айтқанда, колледж, мектеп мұғалімдерінен "Алатау серілерінің" концертіне 5000 теңгеден билет алуды талап етіп жатыр деген бірнеше хат келіп жатыр. Бұл – өрескел заңбұзушылық! Ешкімді еркіне қарсы қандай да бір шараға қатысуға немесе билет сатып алуға мәжбүрлеуге болмайды. ҚР Еңбек кодексіне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға сәйкес, мұндай мәжбүрлеу – қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, - деді депутат.

Мұқаев мұғалім – білім беруші, сатылатын көрермен емес екенін айтты.

"Ақшасын қолма-қол әкеліп бересіздер". Депутат мұғалімнен келген шағымды жариялады

Егер сіз осындай қысымға тап болсаңыз тиісті органға шағым түсіріңіз. Өз құқығыңызды біліңіз және қорғаңыз. Ұжымда мұндай әрекетке қарсы пікір білдіруден қорықпаңыздар! Мұғалімдердің беделі концерттің көрермен санымен өлшенбейді!, – деп жазды Мұқаев.

Мәжіліс депутатының жекесіне мынадай хат келген.

Сәлеметсіз бе, Дәулет мырза! Мен Алматы қаласындағы колледжде оқытушы болып жұмыс істеймін. Біздің әріптестерімізге 1 мамыр болатын Алатау серілері концертіне қинап билет алдырып жатыр. 5000 теңгеден. Сосын студенттерге де. Ақшаны қолма-қол алып отыр. Осы мәселе бойынша қайда жүгінсек болады? Үнемі осылай ақша жинатады, - деп жазған.

"Ақшасын қолма-қол әкеліп бересіздер". Депутат мұғалімнен келген шағымды жариялады

Автор депутатқа билет алуды міндеттегені туралы хатты да қоса жіберген.

Қайырлы күн! 1 мамыр Республика сарайында Алатау серілері концертіне бүкіл мұғалім 5000 теңгеден билет аламыз. Куратор бар мұғалімдер группаларыңызға да аласыздар. Ақшасын қолма-қол әкеліп бересіздер. Маған каспиге салмаңыздар, - делінген хатта.

Өзгелердің жаңалығы