«Ақша да жоқ, тамақ та жоқ»: ШҚО-да кәсіпкер тұтынушыларға 3,6 млн теңге қайтаруға мәжбүр болды

21 тұтынушы ақшаны сот арқылы қайтарып алды.

19 Тамыз 2026, 20:09
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ЖИ 19 Тамыз 2026, 20:09
19 Тамыз 2026, 20:09
97
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ

Шығыс Қазақстан облысында 21 тұтынушы ақысы төленген, бірақ жеткізілмеген дұрыс тамақтану рациондары үшін ақшаларын қайтарып алды. Сот кәсіпкерді клиенттерге жалпы сомасы 3,6 миллион теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттеді.

Өңір тұрғындары жеке кәсіпкермен дайын тамақ рациондарын жеткізу туралы шарт жасасып, қызмет ақысын алдын ала төлеген. Алайда біраз уақыттан кейін жеткізу тоқтатылып, көрсетілмеген қызметтер үшін ақша клиенттерге қайтарылмаған.

Содан кейін тұтынушылар ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. 

Бастапқыда дауды сотқа дейін реттеуге тырысып, кәсіпкерге ақшаны қайтару талабы қойылған сотқа дейінгі талап-арыз жолданған. Бірақ. бұл ешқандай нәтиже бермеді.

Содан кейін Департамент 21 тұтынушының мүддесін көздеп, Өскемен қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына ұжымдық талап-арызбен жүгінді.

2026 жылғы 16 шілдеде сот талап-арызды қанағаттандырды.

Кәсіпкерді клиенттерге көрсетілмеген қызметтер үшін 3 055 138 теңге қайтаруға міндеттеді. Сондай-ақ тұрақсыздық айыбы ретінде тағы 611 028 теңге өндіріліп алынды.

Осылайша, төлемдердің жалпы сомасы 3 666 166 теңгені құрады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында мектепте 1000-нан астам балаға тегін ыстық тамақ берілмегені анықталды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Қазақстан мектептерінде тамақтану қаншалықты қымбаттады

Депутат дабыл қақты: Балаларға тегін беріліп жатқан тамақ қоқысқа тасталып жатыр

Жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға әуес – Бектенов

Наверх