АҚШ-тың шығысында қалың қар жауып, мыңдаған әуе рейстері кейінге қалдырылды
4 Қаңтар, 10:20 533

АҚШ-тың шығысында қалың қар жауып, мыңдаған әуе рейстері кейінге қалдырылды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың шығысы мен астанасы Вашингтон қаласына қалың қар жауып, мыңдаған әуе рейсі тоқтатылды. Мектептерде сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап. 

Мұншама қалың қарды жергілікті тұрғындар бұрын көрмеген. Билік тұрғындарды үйінен шықпауын сұрап, қолайсыз ауа райы жолдағы кептелістерге себепші болатынын, кей аудандарда электр қуаты ажырап қалуы мүмкін екендігін ескертті.

  

 

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...