АҚШ-тың Индиана штатындағы су тасқынынан кемінде 7 адам қаза тапты

Елдің орталық бөлігіндегі нөсер жауын мен дауыл тұрғындарға айтарлықтай қиындық туғызып отыр.

 nbcnews.com 17 Тамыз 2026, 10:09
17 Тамыз 2026, 10:09
150
Фото: nbcnews.com

АҚШ-тың Индиана штатында нөсер жауын мен дауыл салдарынан болған су тасқынынан 7 адам қаза тапты.

NBC News мәліметінше, елдің орталық бөлігінде күшті дауыл, нөсер жауын мен су тасқыны әлі де жалғасып, жергілікті тұрғындарға айтарлықтай қиындық туғызып отыр.

Штат билігінің хабарлауынша, бір апта бойы толастамаған су тасқынынан алты адам көз жұмған.

Индианаполис қаласында көптеген тұрғын аудан мен автокөліктерді су басқан.

Ресми өкілдердің айтуынша, табиғи апаттан өзендерге жақын орналасқан аудандар көбірек зардап шекті. Құтқарушылар 90-нан астам адамды эвакуациялады.

Билік өкілдері болжам бойынша нөсер жауын мен найзағай әлі де жалғасатынын ескертті. Сондай-ақ тұрғындарды су басқан аумақтарға жақындамауға және төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларын мұқият қадағалауға шақырды.

Бұған дейін АҚШ-тың орталық бөлігінде нөсер жауын, құйын, дауыл мен су тасқынының жойқын салдары Чикаго маңынан Пенсильванияның батысына дейінгі ауқымды аумақты қамтығаны хабарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Жапонияда нөсер жауын мен су тасқынынан тоғыз адам қаза тапқанын хабарладық. Табиғи апаттан мыңнан астам үйді су басып, көлік қатынасы бұзылды.

Ал Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 51-ге жетті. Із-түзсіз жоғалғандардың нақты саны әзірге анықталған жоқ.

Наверх