АҚШ-тың Флорида жағалауына «Николь» дауылы жетті

11 Қараша 2022, 02:29
852
Бөлісу:
АҚШ-тың Флорида жағалауына «Николь» дауылы жетті

Атлант мұхитында пайда болған «Николь» дауылы АҚШ-тың Флорида жағалауына жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Осы елдің Дауылдарды бақылау ұлттық орталығының хабарлауынша, дүлей жел жағалауға жақындағанда екпіні күшейіп, жылдамдығы сағатына 125 шақырымға дейін артқан. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Дауылға дейін аймақтағы кей аудандардың тұрғындары эвакуацияланып, әуе рейстері тоқтатылған.

Дауылмен бірге штатта жауын селдетіп, кей өңірлерді су басуы мүмкін, – деп ескертті синоптиктер.

Өзгелердің жаңалығы