АҚШ-та жолаушылар ұшағы өртенді

22 Маусым 2022, 15:15
1391
Бөлісу:
АҚШ-та жолаушылар ұшағы өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Майами халықаралық әуежейында жолаушылар ұшағы өртенді, деп жазды Хабар24.

Әуе көлігінің бортында 126 адам болған. Оқиғадан 3 адам жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Санто-Домингодан шыққан Red Air ұшағы жерге қонған кезде өртене бастады. 

Жолаушылардың барлығы дер кезінде терминалға эвакуацияланды. Өрт уақытылы ауыздықталды. Әзірге апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы