АҚШ-та жиырма көлік бір мезетте соқтығысып қалды

23 Ақпан 2024, 07:36
1229
Бөлісу:
АҚШ-та жиырма көлік бір мезетте соқтығысып қалды
Фото: скрин

АҚШ-тың Миссисипи штатында ірі жол апаты болып, 20 автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның үшеуі – жолаушылар мінген автобус. Алтауы – жүк көлігі. Тағы 11-і – жеңіл көлік. Оқыс оқиға, жолдағы қалың тұман салдарынан болған.

Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, 22 адам жараланып, дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір аймақта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы