АҚШ-та жасөспірім қыз жеке ұшақты айдап кетпек болған

19 Желтоқсан 2019, 17:12
5974
Бөлісу:
АҚШ-та жасөспірім қыз жеке ұшақты айдап кетпек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыс жасаған қызды полиция оқиға орнында ұстады. Оның мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Калифорнияның Фресно қаласында (АҚШ) 17 жастағы қыз шағын King Air 200 жеке ұшағын ұрлап қашып, оны істен шығарған. Бұл туралы 18 желтоқсан күні CNN телеарнасы хабарлады.

Оқиға Fresno Yosemite әуежайында болған. Қыз әуежай аумағына қабырғадан секіріп өтіп, әуе кемесінің кабинасына кіріп кеткен. Алайда ұшақ техникалық ақауларға байланысты ұшпай қалған. Оқиға салдарынан адамдар мен техника зардап шеккен жоқ.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған қыз есін жиып үлгермеген. Ол полицияға мән-жайды түсіндіруден бас тартқан.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда 13 жастағы бала айдап көру үшін екі шағын ұшақ ұрлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы