АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

28 Шілде 2022, 18:46
3037
Бөлісу:
АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорниядағы Йосемити ұлттық паркіне жақын орналасқан Марипоса округіне қатер төнген. Өткен жұмада басталған өрт 18 мың гектар аумақты шарпыған.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 

Округ тұрғындары екі аптаның ішінде осымен үшінші рет көшуге мәжбүр болды. Қазір өрт сөндірушілер барын салып жатыр. Тіпті орманның көлік өте алмайтын аумағында отты жаяу жүріп өшірген.

Өзгелердің жаңалығы