АҚШ-та төрт адамды атып кетті

4 Шілде 2023, 21:12
699
Бөлісу:
АҚШ-та төрт адамды атып кетті

АҚШ-тың Филадельфия штатында адамдарға жаппай оқ жаудырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан 4 тұрғын көз жұмды, тағы бірнешеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

Зардап шеккендердің халі мүшкіл, - дейді дәрігерлер. 

Полиция деректері бойынша, 1 күдікті ұсталды. Тағы бір айта кетерлігі, атыс басталған кезде алғаш оқ жаудырған азаматқа тағы бір тұрғын қарсы оқ атқан. Қазір ол да тұтқынға алынды. Әзірге екеуінің де аты-жөндері жария етілмейді. Ал штат билігі қару ұстауға қатысты заңды қатаңдату керектігін тағы көтеріп отыр. 

Қазір біз негізгі күдікті мен оған оқ атқан адамның арасында қандай байланыс барын анықтап жатырмыз. Екеуі де қамауға алынды. Тергеу басталды. Оқиға орнында үш тапанша мен бір мылтық тәркіленді, - деді Филадельфия полициясының комиссары Даниель Аутлоу.

Өзгелердің жаңалығы