АҚШ-та торнадо салдарынан ондаған адам қайтыс болды

26 Наурыз 2023, 18:24
724
Бөлісу:
АҚШ-та торнадо салдарынан ондаған адам қайтыс болды
Фото: 24.kz

Американдық Миссисипи штатында торнадо мен дауыл болып,  23-тен астам адам қаза та, ондаған тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ  dw.com сілтеме жасап.

Құтқарушылар мен Миссисипи штатының губернаторы Тейт Ривздің айтуынша, құтқару жұмыстары бірнеше округтерде жалғасуда. 

Қаза тапқандар саны өкінішке орай, әлі де өзгеруде, - деп ескертті құтқару қызметі. 

Кем дегенде төрт адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті.

Дауылдың салдарынан он мыңдаған үй шаруашылықтары электр қуатынсыз қалып, ал кейбір елді мекендер жер бетінен жойылды, - деп хабарлайды басылым. 

Силвер сити мен Роллинг-форк қалалары қатты зардап шекті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары дауылдың әсерін әуеден түсірген суреттерін жариялады.

АҚШ-тың ұлттық ауа райы қызметінің мәліметі бойынша, аумағы 1 шақырымдай болатын торнадо сағатына 80 шақырым жылдамдықпен соғып, жолындағы үйлер мен ғимараттарды тас талқан етті. CNN атап өткендей, апат көршілес Алабама мен Теннесси Штаттарына да әсер етті.

Өзгелердің жаңалығы