АҚШ-та тағы да қауіпті дауыл соғу қаупі бар

20 Қазан 2024, 02:20
462
Бөлісу:
АҚШ-та тағы да қауіпті дауыл соғу қаупі бар
Фото: pixabay.com

Атлант мұхитында "Оскар" деген атауға ие болған дауыл соқты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ ұлттық орталығы таратқан ақпаратқа сәйкес, «Оскар» дауылында желдің соғу жылдамдығы 36 м/с-ты құрайды.

Белгілі болғандай, дауыл батысқа сағатына 19 шақырым жылдамдықта жылжып келеді. Осы орайда апаттың орын алу қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Флорида штаты соңғы жеті жылда болмаған дауыл соғып, 200-ден астам адам көз жұмған болатын.

Өзгелердің жаңалығы