АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

Қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті қолдау көрсетілген.

Бүгiн 2026, 19:02
АВТОР
 threads.com/@bostonglobe2 Бүгiн 2026, 19:02
Бүгiн 2026, 19:02
169
Фото: threads.com/@bostonglobe2

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық Әсет Құралбайдың денесі елге жеткізілді. Бұл туралы брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, денені елге қайтаруға көмектескен.

Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз қаза тапқан азаматтың туыстарына барлық консулдық-құқықтық қолдауды көрсетті, сондай-ақ денені елге жеткізуге жәрдемдесті, – деді Ерлан Жетібаев.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі америкалық тараптан Қазақстан азаматына тиесілі болуы мүмкін мәйіттің табылғаны туралы ақпарат алғанын хабарлаған болатын. Қажетті рәсімдер жүргізілгеннен кейін қаза тапқан адамның жеке басы ресми түрде расталды.

Наверх