АҚШ-та маймыл шешегінен екінші адам қайтыс болды

10 Қыркүйек 2022, 09:30
728
Бөлісу:
АҚШ-та маймыл шешегінен екінші адам қайтыс болды

Калифорния штатында маймыл шешегін жұқтырған екінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CBS News таратқан мәліметке сүйенсек, індеттің құрбаны болған адам өлімі тексеріліп жатыр.

Лос-Анджелес дәрігерлері мәйітке сараптама жүргізетіндерін айтты.

Айта кетерлігі, Калифорнияда маймыл шешегін жұқтырудың 4140 дерегі тіркелген. Ал жалпы ел бойынша 20 мың адам қауіпті дертке шалдыққан.

Ауруды бақылау мен алдын алу орталықтары әлем елдерінде маймыл шешегінен қайтыс болған 18 расталған жағдай тіркелгенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы