АҚШ-та дүлей дауылдан 5 адам қаза тапты

6 Сәуір 2023, 10:33
722
Бөлісу:
АҚШ-та  дүлей дауылдан 5 адам қаза тапты
Фото: edition.cnn.com

АҚШ-тың Миссури штатында торнадодан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүлей желден тағы 5 адам жарақат алып, 87 ғимарат қираған. Желдің екпіні сағатына 130 шақырымға жеткен. 

Сондай-ақ Иллинойс штатында да бірнеше адам жарақат алған. Билік қалпына келтіру жұмыстары көпке созылып, қомақты қаржы керек екенін айтады. 

Жалпы елдің оңтүстік және орталық-батыс өңірінде болып жатқан дауылдардан 32 адам көз жұмды.
 

Өзгелердің жаңалығы