АҚШ-та бірнеше мектепте атыс болып, алты адам жарақат алды

1 Қазан 2022, 15:11
1058
Бөлісу:
АҚШ-та бірнеше мектепте атыс болып, алты адам жарақат алды

АҚШ-та мектепте атыс болып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

NBC News агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Калифорния щтатының Окленд қаласында бірнеше мектептің жанында атыс орын алған. 

Оқыс оқиға орта және жоғарғы сынып, технологиялық мектеп сынды төрт білім ордасы орналасқан кампуста болған.

 Атыс кезінде зардап шеккен алты адам да ауруханада ем қабылдап жатыр, олардың екеуі - жансақтау бөлімінде.

Тәртіп сақшылары қылмысқа не себеп болғанын айтқан жоқ, тексеру жүргізілуде. Билік оқ атқан бір адамға іздеу жариялады.  

Бұл - Оклендте бір ай ішінде орын алған екінші атыс жағдайы. 

Окленд - жарты млн халқы бар қала. Шаһарда атыс қаруын қолданған жағдайдар жиілеп кеткен.  

Өзгелердің жаңалығы