АҚШ-та атыстан үш адам қаза тапты

11 Наурыз 2024, 10:50
1894
Бөлісу:
АҚШ-та атыстан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Арканзас штатында белгісіз біреулер тұрғындарға шабуыл жасап, 3 адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тағы 4 кісі жарақат алған. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Қазір олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға Джонсборо қаласында таңғы сағат 5-тер шамасында болған. 

Кешке жиналған тұрғындар мен қонақтар арасында дау туындап, сөзге келе алмаған. Әзірге кімнің бірінші болып оқ атқаны белгісіз. Жергілікті полиция тергеуді бастап кетті.

Өзгелердің жаңалығы