АҚШ-та адам тәріздес робот пайда болды

2 Қазан 2022, 08:45
1502
Бөлісу:
АҚШ-та адам тәріздес робот пайда болды

Әйгілі америкалық кәсіпкер Илон Маск адам тәріздес «Оптимус» деп аталатын  роботты таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірегей құлтемір халыққа «Тесла» компаниясына арналған көрме кезінде паш етілді. Сахнаға шыққан робот жиналғандарға қолын бұлғап, кейін би биледі. Масктың айтуынша, «Оптимус» адамдардың қимыл әрекетін бақылап, оларды қайталай алады. Саусақтарымен шағын заттарды ұстап, түрлі қозғалыстар жасайды. Кәсіпкер оны күнделікті өмірде пайдалантындай дәрежеге жеткізу үшін әлі көп сынақ жүргізу қажет деп отыр.

Біздің мақсатымыз түрлі істерді атқаруға көмектесетін адам тәріздес робот құру. Келешекте Тесла «Оптимус» сияқты құлтемірді миллиондап шығаруға ниетті. Оның құны да көлікке қарағанда арзан болады. Оптимустың келешегі зор. Ол жұмыс күші тапшылығы мен кедейшілік мәселесін шешуге көмектеседі деп ойлаймын, – деді Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск.

Өзгелердің жаңалығы