АҚШ Путин мен Сергей Лавровқа санкция салды

26 Ақпан 2022, 10:45
1457
Бөлісу:
АҚШ Путин мен Сергей Лавровқа санкция салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Қаржы министрлігі Украинадағы жағдайға байланысты Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкциялар салды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бүгін Америка Құрама Штаттары одақтастарымыз бен серіктестерімізбен келісе отырып, Ресейдің Украинаға негізсіз, себепсіз және қасақана басып кіруіне Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкциялар енгізу арқылы күшті жауап беруді жалғастырды, - делінген хабарламада.

Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі мәлімдеме жасады.

Ресей Федерациясына қарсы қабылданған шектеулер «Ресей үшін бұрын-соңды болмаған дипломатиялық және экономикалық шығындарға алып келеді және оны әлемдік қаржы жүйесі мен халықаралық қауымдастықтан одан әрі оқшаулайды, - делінген мәлімлемеде.

Путин мен Лавровқа қарсы санкциялар АҚШ юрисдикциясындағы активтерге тосқауыл қоюды және олармен америкалық жеке және заңды тұлғалардың транзакцияларына тыйым салуды қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы