АҚШ президенттігіне Трамп қайта келуі мүмкін

4 Наурыз 2024, 19:37
323
Бөлісу:
АҚШ президенттігіне Трамп қайта келуі мүмкін

АҚШ халқы бұрынғы президент Дональд Трамптың билікке қайта келуіне қарсы емес, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. 

Бұл жөнінде New York Times басылымы Сиенск колледжісімен бірлесіп, тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде халықтың 43 %-і Джо Байденге, 48 %-і Дональд Трампқа дауыс беруге ниетті. 

Сондай-ақ Ақ үйдің қазіргі басшысын 18-29-дағы жастар, ал Трампты 30-35 жас шамасындағы тұрғындар жақтаған. Бұл көрсеткіштерге қарап, сарапшылар: «Сайлауда Трамп жеңуі әбден мүмкін», – деп болжап отыр.

Өзгелердің жаңалығы