АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығу өткізді

5 Қазан 2022, 08:12
762
Бөлісу:
АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығу өткізді

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығу өткізіп, Сары теңізге қарай зымырандар ұшырды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл жаттығулар Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуіне байланысты жүзеге асырылды. Әскери әрекеттер қос елдің Солүстік Кореяға қыр көрсетуі үшін қолға алынған. Пхеньян ұшырған зымыран Жапонияның үстімен өтіп Тынық мұхитына жеткен еді.

Біз Солтүстік Кореяның бұл жауапсыз әрі қауіпті әрекетін айыптаймыз. Зымыран Жапония үстімен ұшырылып, осы елдің халқына үлкен қауіп төндірді. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяның заңсыз ядролық бағдарламасына қатысты қабылдаған қарарларына қайшы, - деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары Ведант Патель.

Өзгелердің жаңалығы