АҚШ мемлекеттік қарызы тарихи рекорд орнатты

13 Ақпан 2019, 12:36
2163
Бөлісу:
АҚШ мемлекеттік қарызы тарихи рекорд орнатты

Астана, BAQ.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы өз тарихында алғаш рет 22 триллион доллар шектен асты. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігі хабарлады.

Нақты цифр мынадай – 22,012 триллион. Ведомствоның деректеріне сүйенсек, 2019 жылдың ақпанынан бастап бұл көрсеткіш 90 миллиард доллардан асты.

Бұдан басқа, соңғы он бір айда мемлекеттік қарыз триллионға ұлғайды.

Usa Today хабарлауынша, Дональд Трамп президент болғаннан бері өткен жылғы салық реформасынан кейін көрсеткіштер ең жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Бұл реформа АҚШ бюджетіне бір жарым триллион доллар және қорғанысқа кеткен үлкен шығынмен тең салмақ түсірді.

Бұған дейін 2018 жылдың қаржылық көрсеткішінде АҚШ-тың бюджеттік дефициті 17 % өсіп, 779 миллиард долларға жеткені хабарланған.

Енді 2020 жылға дейін триллион шегінен де асуы мүмкін деп болжанып отыр. Мұнымен қоса, мемлекеттік қарыз ұлғая береді, өйткені үкімет шығындарын ешкім бақылап отырған жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы