АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қатысты санкциялар тізімін кеңейтті. Бұл туралы ведомствоның Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа шектеулерге Иранның сегіз азаматы және Иран, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркияға тіркелген төрт компания енгізілді.
Сонымен қатар санкциялар тізіміне Иранның Mahan Air әуе компаниясына тиесілі екі Boeing 777-200ER ұшағы да қосылған.
Вашингтонның бұл қадамы Иранға қысымды күшейту және оның экономикалық-қаржылық байланыстарын шектеу саясаты аясында жүзеге асырылып отыр.