Ақпарат министрі Astana TV және «Айқын-литер» ЖШС ұжымымен кездесті

24 Маусым 2023, 14:14
1066
Бөлісу:
Ақпарат министрі Astana TV және «Айқын-литер» ЖШС ұжымымен кездесті

БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Astana TV және «Айқын-литер» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. «Айқын-литер» ЖШС қарасты басылымдар мен интернет-редакциялардың материалдық-техникалық базасымен танысып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Ақпарат министрі Astana TV және «Айқын-литер» ЖШС ұжымымен кездесті

Журналистермен кездесуде Дархан Қуандықұлы Түркістандағы Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тіліне тиек еткен ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту мәселелері талқылады. Басқосуда Мемлекет басшысының ақпараттық саясатын қайта қараудағы дәстүрлі медианың рөлі де жан-жақты сөз болды.

Мемлекет басшысы алдымызға үлкен міндет қойды. Жауапкершілік жүктеді. Осынау саяси кезеңде еліміздің саяси қауіпсіздігі өте маңызды. Сонымен қатар жаңа медиа дамыған шақта ақпараттық саясатты оңтайлы жүргізу де күнтәртібіне қойылды. Алдағы уақытта осы мәселені тележурналистермен, креативті индустрияда жүрген жастпрмен талқылауды жөн көріп отырмыз. Ең бірінші талқылауды мемлекеттік ақпараттық саясаттың алдыңғы шебінде жүрген «Айқын-литер» ЖШС және Astana TV телеарнасының ұжымымен жүргізу үшін арнайы келіп отырмыз, – деді Дархан Қуандықұлы.

Ақпарат министрі Astana TV және «Айқын-литер» ЖШС ұжымымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы