Ақордада бірқатар кадрлық өзгеріс орын алды

2 Шілде 2019, 18:42
2520
Бөлісу:
Ақордада бірқатар кадрлық өзгеріс орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Әкімшілігінде болған кадрлық өзгерістерге қатысты Өкімге Мемлекет басшысы қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Марат Еркінұлы Дәуешов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне  тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.





Өзгелердің жаңалығы