Ақмоладан 1,5 млн текше метр қар шығарылды

28 Наурыз 2023, 08:42
2364
Бөлісу:
Ақмоладан 1,5 млн текше метр қар шығарылды
Фото: gov.kz

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, облыста күрделі су тасқыны жағдайының алдын алу үшін елді мекендерден қар шығару, су өткізгіш құбырларды, каналдар мен арықтарды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 900 қап инертті материалдар дайындалып, 60279,5 м3 еріген су сорылды, 1493 мың текше метр қар шығарылды.

Бұдан бөлек, облыс орталығында 15 наурыздан бастап Облыстық жедел штаб құрылған. Сондай-ақ су тасқынына қарсы аудандық штабтар да жұмыс істейді, онда жағдайды бақылау бойынша жұмыс тәулік бойы жүргізілуде. Су өткізгіш құбырлардың жағдайы тұрақты бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы