Ақмолада жемқорлық фактілері туралы хабарлағандар 1 500 000 теңгеден астам сыйақы алды

29 Шілде 2020, 09:23
2279
Бөлісу:
Ақмолада жемқорлық фактілері туралы хабарлағандар 1 500 000 теңгеден астам сыйақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 161 520 теңге сомамен 7 тұлғаны ынталандырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша тұрақты негізде оларды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жоюға және алдағы уақытта осындай фактілерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылдауда.

Осы тұрғыда мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынулар енгізіледі.

Биыл 1 жартыжылдықта облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осындай 64 ұсыныс енгізді. Оларды қарау бойынша өткізілген кездесулерге 500-ден астам мемлекеттік қызметші мен түрлі ұйымдардың қызметкері қатысты.

Қаралған ұсыныстардың нәтижелері бойынша 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 7-еуі жұмыстан босатылды. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (35 адам), сондай-ақ 7 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Бұл ретте жазаланғандар арасында 16 басшы болғанын айта кету қажет, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 161 520 теңге сомамен 7 тұлғаны ынталандырды. Бұл көрсеткіш - іс жүзінде өткен жылдың 12 айы нәтижелеріне тең және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға азаматтардың үлкен белсенділігінің көрінісі.

Айта кету керек, елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға - мемлекеттік органдардың онлайн-форматқа көшуіне байланысты қазіргі таңда ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде ұсынуларды қарау коммуникацияның техникалық құралдары арқылы онлайн-режимде жүргізіледі.

Облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1424 Агенттіктің Саll-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Оның негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы хабарламаларды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды қабылдау.

Өзгелердің жаңалығы