Ақмолада қаржы пирамидасы электр генераторларын сатушының атын жамылып келген

3 Қазан 2023, 13:48
727
Бөлісу:
Ақмолада қаржы пирамидасы электр генераторларын сатушының атын жамылып келген
Фото: ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Ақмола облысында «Eolus» қаржы пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҚМА Ақмола облысы бойынша Департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар «Eolus» инвестициялық жобасының бөлімше қызметіне тосқауыл қойды.

Аталған компания үш ай бойы салымшыларды тарту мақсатында қылмыстық әрекеттер жасаған. «Eolus» өзін шет елдерде орналасқан жаңартылатын энергия көздерін, жел электр генераторларын енгізумен айналысатын компания ретінде көрсетті. Бұл жобаны ұйымдастырушылар өз бизнесінің жоғары табыстылығы туралы презентациялар жасай отырып, азаматтарды салым сомасының 3% көлемінде пассивті күнделікті кіріс алуға уәде бере отырып, ақша салуға сендірді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы