Ақмолада хабар-ошарсыз кеткен ер азамат іздестірілуде

1 Наурыз 2023, 17:43
742
Бөлісу:
Ақмолада хабар-ошарсыз кеткен ер азамат іздестірілуде
Фото: informburo.kz

Ақмола полицейлері хабар-ошарсыз кеткен Жыланды кентінің тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 ақпан Сандықтау ауданы ПБ-нің учаскелік инспекторына Жыланды кентінің тұрғыны осы жылдың 18 ақпанында үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған 1972 жылы туған ағасы Сәдуақасов Мейрамбек Сәдібекұлын іздеуге жәрдем көрсету туралы өтініш білдірді. 

Ақмолада хабар-ошарсыз кеткен ер азамат іздестірілуде

Polisia.kz хабарлауынша, ер адам психиатрдың есебінде тұр. Бұған дейін бірнеше рет үйден кетіп отырған. Белгілері: бойы 160-165 см, көздері қоңыр, шашы қысқа қара түсті, ақ шаштары бар, ерекше белгілері жоқ. Үстінде қара спорттық бас киім, жарық беретін жолақтары бар сұр түсті күрте, қара түсті жылы шалбар, қара түсті қысқы аяқ киімі болды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларына аудандық ПБ-нің 12 қызметкері жұмылдырылды. Қарда жүретін 3 көлік, 4 бірлік қызметтік автокөлік бөлінді. Іздеуге 30-ға жуық жергілікті тұрғындар, сондай-ақ еріктілер қосылды. М.С.Сәдуақасовтың орналасқан жері туралы ақпаратқа ие адамдардың барлығынан 8-771-297-95-58, 8(71640)9-22-87 немесе 102 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы