Ақмолада 2 млн теңге бопсалады деген күдікті ұсталды

5 Сәуір 2023, 19:46
736
Бөлісу:
Ақмолада 2 млн теңге бопсалады деген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында ақша бопсалады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бурабай ауданының ПБ-не Астана қаласының тумасы бопсалау фактісімен жүгінді. Өтініш берушінің айғақтары бойынша, елорда тұрғыны оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату қаупімен 2 млн теңге көлемінде ақша қаражатын бопсалаған. 

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Бурабай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жәбірленушінің ақшалай қаражатты беру кезінде қылмысқа қатысы бар адамды анықтады. Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр. ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы