Демалыс және мереке күндері патрульдік полиция нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басты міндеттерінің бірі - алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлікті басқару фактілерінің жолын кесу.
30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Ақмола жолдарында 37 мас жүргізуші ұсталды, 4-еуі жүргізуші куәлігінен айырыла отыра көлік басқарған, 9-ы жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырды.
Төрт күнде 50 көлік айыптұраққа қойылды.