Ақмола облысының Жібек жолы ауылында орналасқан сүт зауытында төтенше жағдай орын алып, екі адам зардап шекті.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газгольдерде (табиғи газ) газ-ауа қоспасының тарсылы (хлопок) болған. Өрт шықпаған және ғимараттың құрылымына зақым келмегендіктен, құтқарушылар оқиға орнына шақыртылмаған.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен екі азамат дене күйігімен Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың денесінің 30-40 пайызын күйік шалған.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
ТЖМ баспасөз қызметі «жарылыс» пен «тарсыл» (хлопок) ұғымдарының айырмашылығын түсіндіріп өтті:
-
Жарылыс кезінде конструкциялар қирап, қабырғалар құлайды.
-
Тарсыл - бұл негізгі тіреуіш конструкцияларды қиратпайтын, қуаты аздау толқын.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы кеніште 7 адам зардап шеккені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Абай облысында шахтадағы апат: Марқұмның артында үш баласы қалды
Ақтөбе облысында дрон сынықтары табылды: Жарылыс сәтіндегі видео жарияланды
"4 сағат үйінді астында жатқан": Абай облысында зардап шеккен кеншінің жағдайы белгілі болды