"4 сағат үйінді астында жатқан": Абай облысында зардап шеккен кеншінің жағдайы белгілі болды

Абай облысындағы Орлов шахтасында бір адам қаза тапты.

 Ақорда Бүгiн 2026, 16:52
Бүгiн 2026, 16:52
231
Фото: Ақорда

Абай облысындағы Орлов шахтасында тау жыныстарының опырылуынан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1985 жылы туған зардап шегуші 27 сәуір күні кешке ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Бірнеше сағат бойы үйінді астында қалған ер адамға «үйлескен жарақат, бас миының шайқалуы, жұмсақ тіндердің көптеген зақымдануы және ұзақ қысылу синдромы» диагнозы қойылған.

Пациенттің айтуынша, сағат 11:00 шамасында шахта опырылған кезде оны тас басып қалған және ол төрт сағатқа жуық үйінді астында жатқан. Оған алғашқы көмек Бородулиха орталық аудандық ауруханасында көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасымен Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді, – деп атап өтті басқарма өкілдері.

Травматологтар, нейрохирургтар, урологтар және хирургтардың тексеруінен кейін ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта ол қарқынды терапиядан өтуде. Пациенттің жалпы жағдайы ауыр. Бүгін дәрігерлер емдеу тактикасын одан әрі анықтау үшін консилиум өткізуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы Орлов шахтасында бір адам қаза тапқан болатын. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Ақмола облысындағы шахтада жұмысшы өлі күйінде табылды

Ақмола облысында шахтаға заңсыз кірген ер адам қаза тапты

Абай облысында газдан уланған жұмысшы қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға түсті

Наверх