Ақтөбе облысында дрон сынықтары табылды: Жарылыс сәтіндегі видео жарияланды

Дрон Ақтөбе облысындағы Әлімбет ауылының маңында құлаған.

Бүгiн 2026, 12:44
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 12:44
Бүгiн 2026, 12:44
225
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында Әлімбет ауылының маңынан ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, нысан далаға таңғы сағат 08:30 шамасында құлаған.

Куәгерлер құлаған дыбысты естігенін, содан кейін жарылыс болғанын айтады. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған көрінеді.

Аппараттың фрагменттері елді мекеннен шамамен 2,5 шақырым жерден табылды.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті нысанның табылғанын растап, тексеру басталғанын хабарлады.

Аталған нысан елді мекеннен тыс жерде табылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп атап өтті ведомстводан.

Оқиға орнында уәкілетті қызметтер жұмыс істеуде. Олар ұшқышсыз аппараттың қайдан келгенін және оның құлау себептерін анықтап жатыр.

Айта кетейік, Әлімбет ауылы Қарғалы ауданында, Ресей шекарасына жақын жерде, Орск қаласының маңында орналасқан. Елді мекенде мыңға жуық адам тұрады.

Еске салайық, бұған дейін Дубайда сынықтардың құлауы салдарынан 8 адам жарақат алды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от реклама в Direct ⬆ (@problema.aktobe)

Наверх