9 бен 12 жас аралығындағы балалар Біржан сал ауданындағы білім беру-сауықтыру орталықтарының бірінде демалған.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, төрт кәмелетке толмаған бала медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Біржан сал ауданындағы лагерьден улану белгілері (құсу, қызу көтерілу, іш өту) бар 4 бала медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар қазір инфекциялық бөлімде емделіп жатыр. Жағдайлары тұрақты. Емді толық көлемде алуда, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, бұған дейін Астанада балмұздақ жеген бала жансақтау бөліміне түсті.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтөбе облысында тойға барған 102 адам ауруханаға түсті
Алматы облысында 19 адам суши жеп уланып қалған
Тойдан кейін 102 адам дәрігерге жүгінді: Ақтөбе облысында қылмыстық іс қозғалды