Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Астана – Петропавл автожолының ақылы терминалында жүк көлігі өртенді.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, 8 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт туралы 112 қызметіне хабарлама түспеген. Құтқарушылар оқиға жайын әлеуметтік желілерден анықтап, қажетті күштер мен құралдарды дереу жіберген.
Өртті сөндіру кезінде көліктегі газ баллоны жабдығы қауіп төндірген. Оның зақымданып, жарылу қаупіне байланысты құтқарушылар тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдады.
Алдын ала мәлімет бойынша, өртке қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
ТЖМ жүргізушілерге көліктің электр жүйесі мен газ баллоны жабдығының жарамдылығын үнемі тексеріп, ақау анықталған жағдайда мамандарға жүгінуді ескертеді. Өрт болған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарлау қажет.