Ақмола облысында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана уақыты бойынша 23:30-да үш бағыттағы тасжол бағытындағы қозғалыс шектелді.
Жақсы – Есіл – Бұзұлұқ 0-82 шақырым, Жақсы кенті-Бұзұлұқ кенті;
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған 232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті;
Жезқазған – Петропавл 537-552 шақырым, Бұзұлұқ кенті – Сұрған кенті.
Белгілі болғандай, «ҚазАвтоЖол»-дың ақмола облыстық филиалы 72 бірлік арнайы техника жұмыс істеп тұр.
Бұған дейін «Қазгидромет» бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялаған.
Оқи отырыңыз: