Ақмола облысында жол ережесін 137 рет бұзған жүргізуші ұсталды

13 Маусым 2023, 22:23
587
Бөлісу:
Ақмола облысында жол ережесін 137 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері жылдамдық режимін 137 рет бұзған жүргізушіні ұстады. Жүргізушіге салынған айыппұлдар сомасы 1 млн теңгеден асады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірде 7-30 маусым аралығында "Борышкер" шарасы жүргізліп жатыр. Арнайы іс-шараның алғашқы аптасында 5 және одан да көп әкімшілік айыппұлдары бар 20 жүргізуші ұсталды. Бұл ретте 14 қасақана бұзушы шамамен 3 млн теңге сомаға айыппұл төледі.

Олардың ішіндегі өрескел құқық бұзушы РФ-да есепте тұрған Toyota Camry автокөлігін басқарған Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. "Қорғау" бағдарламасының көмегімен полицейлер ер адамның жылдамдықты 137 рет асырып жібергенін анықтады. Бұл құқық бұзушылық 1 млн 250 мың теңге айыппұлды құрады, - делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушының көлігін арнайы тұраққа қамады.

Бұдан басқа, “Қорғау” бағдарламасының көмегімен жүргізушілері басқару құқығынан айырылған 3 көлік анықталды. Бұл көлік құралдары базада басқару құқығынан айырылған деп аталды.

Жалпы, "Борышкер" ЖПІШ өткізу кезеңінде борышкерлерден шамамен 30 млн теңге өндірілді, 43 көлік құралы арнайы тұраққа қамалды, - делінген ресми хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы